Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА Қатар-2022 турнирінде офсайдты автоматты түрде анықтау жүйесін енгізбекші
12:01 / 2021-04-09

ФИФА 2022 жыл Қатарда өтетін Әлем Чемпионатында офсайдты автоматты түрде анықтау жүйесін енгізбекші.

Қазіргі кезде ФИФА-ның жаһандық футболды дамыту бөлімінің бастығы, Арсеналдың бұрынғы бапкері Арсен Венгердің айтуынша, «2022 жылғы Әлем біріншілігінде офсайдты анықтаудың автоматты жүйесі дайын болады. Бұл автоматты жүйеде, офсайдтан тыс жағдай орын алғанда, бірден қанат төрешісіне сигнал жіберіледі. Лайнсмен қол сағатына жіберілген қызыл белгіне көріп, жалауын көтереді.

Қазіргі кезде ойыншылар офсайдтың бар-жоғын анықтау үшін уақыт жоғалтуда. Әдетте мұндай жағдайлар орта есеппен 70-80 секундты алады, ал қиын жағдайда бұл одан да көп уақытты алуда. Жаңа жүйе өте маңызды. Қарапайым қателіктердің салдарынан футболшылар соққан голынан кейінгі қуанышы көпке бармай тұрғанын жиі көрудеміз. Менің ойымша, бұл жүйе футбол үшін өте маңызды қадам болады», - деді Арсен Венгер Sky Sports басылымына берген сұхбатында.