ФИФА президенті Инфантиноға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Швейцария прокуратурасы Халықаралық футбол ферерациясы (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноға қатысты қылмыстық іс қозғады
Швейцария прокуратурасы Халықаралық футбол ферерациясы (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл мәліметті ресми ФИФА сайты растады.
Әзірше қылмыстық іс жөнінде толық ақпараттар айтылмаған. «Tages-Anzeiger» газетінің мәліметінше, Инфантино мен бірге Вале кантонының бас прокуроры Риналдо Арнольдқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар Швейцарияның бұрынғы Федералды мемлекеттік бас прокуроры Майкл Лаубер мен құпия кездесу өткізген. Бұл кездесу ФИФА-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу амалдары жүріп тұрған кезде болған.
2017 жылдың маусымында Швейцария прокуратурасы ФИФА-дағы жемқорлық істер жүзінде тергеу бастап 25 сыбайластық іс қозғаған болатын. Онда ақшаны жылыстатумен байланысты болуы мүмкін 178 күдікті мәліметтер табылып, бірақ сол кездегі бас прокурор Майкл Лаубер тергеуге қатысқандардың аты-жөндерін айтудан бас тартқан. Алайда кейбір мәліметтер бойынша олардың құрамына ФИФА-ның бұрынғы президенті Джозеф Блаттер, ұйымның бұрынғы бас хатшысы Джером Уолк және 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетін басқарған Франц Бекенбауэр бар екені анықталған.