Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА президенті Джанни Инфантино Өзбекстанға келеді
12:11 / 2023-04-26

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино 5-6 мамыр күндері Өзбекстанға сапармен келеді.

Өзбекстан футбол қауымдастығының (UFA) хабарлауынша, сапар барысында Инфантино бастаған делегация Өзбекстандағы футбол инфрақұрылымымен танысып, ФИФА-мен бірлесіп ұйымдастырылып жатқан ұлттық құрамалар базасын («Достық») аралайды. Сондай-ақ ФИФА басшысы UFA басшыларымен кездесулер өткізеді. 

Айта кетейік, Джанни Инфантино ФИФА президенті ретінде Өзбекстанға алғаш рет келеді. 2017 жылы Инфантино Өзбекстанға баруға ниетті екенін айтқанымен, бұл сапар орындалмалған еді.