Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА президенті 2030 жылғы әлем чемпионатын Израиль мен Палестинада өткізуді ұсынды
12:10 / 2021-10-15

ФИФА президенті Джанни Инфантино футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын Израильде, Палестинада және басқа көрші елдерде өткізуді ұсынды.

«Біз неге әлем чемпионатын Израильде немесе басқа көрші елдерде өткізуді армандай алмаймыз?

2020 жылғы БАӘ мен Израиль арасында қол қойылған бейбіт келісімді ескере отырып, неге 2030 жылғы әлем чемпионатын Израильде немесе Таяу Шығыстағы көрші елдерде, я болмаса Палестинада неге өткізбеске?», деген Инфантино Израиль премьер-министрі Нафтали Бенетпен кездесуде.

Еске салар болсақ, футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Қатарда өтеді, ал 2026 жылғы ӘЧ-тын АҚШ, Канада мен Мексика қабылдайтын болады.