ФИФА президенті Джанни Инфантино Индонезияда өтіп жатқан G20 саммитіне қатысушы елдердің басшыларына үндеу жолдап, футболдан Әлем чемпионаты кезінде барлық қарулы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды.
«Футбол – жақсылыққа жетелейтін күш. Футбол әлемдегі мәселелерді шеше алады дегенге сену аңғалдық емес. Біздің басты мақсатымыз спорттағы ұйымдастыру жұмыстары екенін жақсы түсінеміз. Футбол адамдарды жақындастыратынын ескерсек, алдағы 5 миллиард адам тамашалайтын әлем чемпионаты бейбітшілікке оң серпін бере алады.
Ресей 2018 жылғы Әлем чемпионатын қабылдады, ал Украина 2030 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге үміткер. Мүмкін, 2022 жылғы Әлем чемпионаты бейбітшілікке оң серпін берер. Мен мемлекет басшыларынан Әлем чемпионатының айы кезінде оқ атуды тоқтатуды сұрар едім. Бейбітшілікке бірінші қадам жасаңыз. Әлемдік көшбасшыларсыз, сіздерде тарихи өзгерістер жасауға мүмкіндік бар.
Футболдан Әлем чемпионаты - бұл бірігуге арналған тамаша алаң. Ендеше, осыны пайдаланып, қақтығыстарды тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайық», - деген Инфантино ФИФА ресми сайтындағы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, Қатарда Әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.