Халықаралық футбол қауымдастығы ФИФА, Дүниежүзілік футбол мұражайын құруға миллиондаған доллар жұмсағаны үшін федерацияның бұрынғы президенті Йозеф Блаттерге қарсы прокуратураға шағым түсірді.
ФИФА ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге орай, Дүниежүзілік футбол мұражайы 2016 жылы Цюрихтің орталығында бой көтеріп, ондағы 1970 жылдары салынған кеңсе ғимаратын жөндеуге және жалға алуға барлығы 140 млн франк (158 млн доллар) жұмсалған.
Содан кейін Блаттер ұйымның атынан меншік иесі «Swiss Life» сақтандыру компаниясымен ұзақ мерзімді жалдау шартын жасасқан. Осы келісім бойынша федерация 2045 жылға қарай 360 миллион доллар төлеуі керек, ФИФА-ның пікірінше бұл нарықтық бағадан едәуір жоғары.
«Мұражайға байланысты орасан зор шығындарды, сондай-ақ ФИФА-ның бұрынғы әкімшілігінің жұмысының жалпы деңгейін ескере отырып, біз бұл жерде шынымен не болып жатқанын білу үшін ішкі тергеу жүргіздік. Тергеу барысында көптеген күдікті әрекеттер мен басқарушылық қателіктер анықталды, олардың кейбіреулері мүмкін қылмыстық сипат», делінген хабарламада.