Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА «Әндіжан» клубына санкция салды
12:43 / 2020-10-30

Халықаралық футбол федерациясы ФИФА Өзбекстан Суперлигасындағы «Әндіжан» клубына 3 трансферлік терезе кезінде футболшыларды тіркеуге тыйым салды


Халықаралық футбол федерациясы ФИФА-ның тәртіптік комитеті Өзбекстан Суперлигасындағы «Әндіжан» клубына, футболшымен арадағы келісім-шартты толық аяқтамағаны үшін 3 трансферлік терезесінде футболшыларды тіркеуге тыйым салды.

12 маусымда «Әндіжан» клубы украиналық қақпашы Виталий Мирныймен арадағы барлық қарыздарды төлеуге шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес, клуб барлық ақшаны төлеп, ФИФА-ға мұны растайтын құжаттарды жіберуі керек болған. Алайда, клуб штабы бұл құжатты жібермеген.

Нәтижеде ФИФА клубқа келесі 3 трансферлік терезе кезінде жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салды. Егер клуб келесі уақытта да футболшымен есеп айырыспаса, келесі санкциялар ұпай алып тастау немесе төменгі лигаларға түсіру жазасы қолданылуы мүмкін екенін ескерткен.