Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА: Әлем чемпионатына 1,8 миллион билет сатылды
12:03 / 2022-06-30

ФИФА футболдан Қатарда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионатына билеттер сатылымы туралы ақпарат берді.

Ресми дерекке сай, осы уақытқа дейін барлығы 1,8 миллион билет сатылған. Сатып алушылардың көпшілігі – катарлықтар. Сондай-ақ ТОП-10 билет сатып алушылардың қатарына кірген елдер арасында Канада, Англия, Франция, Германия, Үндістан, Сауд Арабиясы, Испания, БАӘ және АҚШ бар.

Билеттерді сатудың келесі кезеңі 5 шілдеде басталады. Егер сатып алушылар көбейсе, онлайн билеттерді сатуда кезек күтіледі. Бір жанкүйер матчқа алты, ал турнир кезінде барлығы 60 билет сатып алуға құқылы.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы Әлем чемпионаты 21 қарашадан 18 желтоқсанға дейін Қатардың бес қаласындағы сегіз стадионда 32 ұлттық құрама қатысуында өтуі жоспарланған.