ФИФА Әлем чемпионатын 2 жыл сайын өткізу туралы хабарлады
Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (ФИФА) Әлем чемпионатын әр екі жыл сайын өткізу туралы жарыстың күнтізбесін қарауды ұсынатын құжаттарды ұлттық федерацияларға жіберді.
Cadena SER мәліметінше, өзгерістерге 2026 жылдан кейін күшіне енеді деп жоспарлануда.
Жобаға сәйкес, клубтар өз ойыншыларын ұлттық құрамаға жіберетін күндер саны жылына 50-ден 30-ға дейін қысқарады. Халықаралық турнирлердің іріктеу кезеңі 7 ойынмен шектелген. ФИФА бұл реформалар ойыншыларға жүктемені азайтады деп есептейді.
ФИФА сонымен қатар, УЕФА демеушілік ететін ұлттық командалардың 4 жылдық ойындарының жалпы саны 44-тен 43-ке, Оңтүстік Америка командалары 38-ден 34-ке дейін төмендейтінін атап өткен.