ФИФА әлем чемпионаттарының жаңа даталарын жариялады
Халықаралық футбол федерациясының кеңесі биылғы жылы өтуі жоспарланған футболдан 3 әлем чемпионатын жаңа датаға ауыстырды
Халықаралық футбол федерациясының кеңесі биылғы жылы өтуі жоспарланған футболдан 3 әлем чемпионатын жаңа датаға ауыстырғанын жариялады.
ФИФА-ның шешіміне орай футзал бойынша әлем чемпионаты 2021 жылдың 12 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Литвада өтетін болды. Негізінде жарыс осы жылдың қыркүйек-қазан айларында өтуі керек болатын.
Ал, 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы 2020 жылдың тамыз-қыркүйек айларында өтуі белгіленген Әлем чемпионаты 2021 жылғы 20 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Коста-Рика мен Панамада өтетін болған.
Сонымен қатар, U-17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың 17 ақпаны мен 7 наурыз аралығына ауыстырылды. Бұл турнирді Үндістан қабылдайтын болады.