FIFA күндері: Өзбекстан құрамасы Мысырмен ойнайды
Өзбекстан ұлттық құрамасы қараша айындағы FIFA күндері аясында Дубайда өтетін халықаралық жолдастық турнирге қатысады.
Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарға сәйкес, турнирде Әлем чемпионатына қатысқан құрамалар — Өзбекстан, Иран, Мысыр және Кабо-Верде ұлттық құрамалары бақ сынайды. Кездесулер «Ән-Наср» клубына тиесілі «әл-Мактум» стадионында өтеді.
Алғашқы ойында Өзбекстан құрамасы Мысырмен кездеседі. Егер бұл матчта жеңіске жетсе, финалда Кабо-Верде мен Иран арасындағы жұптың жеңімпазымен ойнайды. Ал жартылай финалда жеңілген командалар үшінші орынға таласады.
Кабо-Верде мен Иран арасындағы матч 13 қараша күні өтсе, Өзбекстан мен Мысыр құрамалары 14 қарашада кездеседі. Үшінші орын үшін ойын 17 қарашада, ал финалдық кездесу 18 қараша күні өтеді.