ФИФА көмек ретінде Украинаға 1 миллион доллар бөлді
Халықаралық футбол қауымдастығы - ФИФА Украина халқына көмек ретінде 1 миллион доллар берді.
Ресми хабарламада, бұл қаржы Украинаның гуманитарлы қиын жағдайда қалған аймақтарына бағытталады, делінген ұйым мәлімдемесінде.
ФИФА бұдан бөлек, Украинаға медициналық құрал-жабдықтар жеткізуді қарастырып, Украина футбол қауымдастығының өтініші бойынша алғашқы партиясы Украинаға жіберілген.