ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатын келесі жылда өткізуді жоспарлауда
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) клубтар арасындағы әлем чемпионатын келесі жылға қалдыруды жоспарлап отыр.
Жарыс жыл сайынғы дәстүр бойынша желтоқсанда өтуі керек. Бірақ ресми шешім 20 қазанда жарияланады.
Клубтар арасындағы әлем чемпионатының өз мерзімінде өтпей қалуы Жапония ФИФА-ға елдегі COVID-19 жағдайына байланысты бұл турнирді өткізе алмайтынын мәлімдеген.
ESPN басылымының мәліметінше, ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатын өткізу үшін жаңа орнын іздеп жатыр. Сондақтан ол желтоқсан айынан ақпанға дейін кешіктірілуі мүмкін.
Егер кешіктірілген жағдайда турнир 2022 жылдың басында өтеді. Клубтар арасындағы әлем чемпионатын өткізуге қазірге дейін Оңтүстік Африка мен Катар қызығушылық танытқан.