ФИФА Индонезия футбол қауымдастығын қаржыландыруды тоқтатты
Халықаралық футбол федерациясы 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы дауға байланысты Индонезия футбол қауымдастығына (PSSI) бөлінген қаржыны уақытша тоқтатты.
Jakarta Post мәліметінше, ФИФА федерация FIFA Forward қорын PSSI-ны дамытуға пайдалануды «алдын ала шектеуді» ұсынды және Индонезия ел футболындағы жағдайды жақсарту жоспарын ұсынғаннан кейін санкцияны алып тастауды қайта қарастырмақ.
Бұған дейін ФИФА Индонезияны мамыр-маусым айларында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатын (U-20) өткізу құқығынан айырған болатын..
Еске сала кетсек, ФИФА 2015 жылы үкіметтің PSSI қызметіне араласуына байланысты Индонезияны халықаралық футболдан бір жылға шеттеткен еді.