ФИФА футболда жаңа ережені сынақтан өткізбек
Халықаралық ыутбол қауымдастығы ФИФА футбол клубтары арасындағы әлем чемпионатында қосымша алмастыруларға рұқсат беру ережесін сынақтан өткізуді жоспарлаған.
Жаңа ережеге сай клубтар бір кездесудің өзінде 7 футболшыға дейін алмастыра алады. Оның бесеуі бұрынғыша сақталған болып қалған екеуі 90 минуттық ойыннан кейінгі экстар тайм кезінде орындалуы мүмкін.
Экстра бөлімде бір футболшы еркін алмастырылса, екінші футболшы алаңдағы ойыншының бас миы шайқалғандық жағдай байқалғанда оның денсаулығын сақтау мақсатында ауыстыруға рұқсат берілген.
ФИФА дәл осы ережені 2020 жылға арналған клубтар арасындағы ӘЧ-да сынақтан өткізуді жоспарлаған. Коронавирустық індетке байланысты кешіктірілген турнир 2021 жылдың 1-11 ақпан аралығында Қатарда өтеді.