ФИФА футболда 5 ойыншыға дейін ауыстыруға рұқсат етті
Клубтар ойын кезінде тек 3 футболшыны ауыстыра алады ал, қалған екі ойыншы тек үзіліс кезінде ауыстыратын болады
Халықаралық футбол федерациясы ФИФА футболда жаңа қағиданы сынақтан өткізу мақсатында ойын кезінде 5 футболшыға дейін ауыстыруға рұқсат берді.
Футбол кездесулерінде бапкерлер енді 5 ойыншыға дейін ауыстыруға болады. Бұл өзгеріс тек пандемия жағдайына байланысты тоқтап қалған чемпионаттар мен 2020 жыл 31 желтоқсанға дейін аяқталуы жоспарланған лигаларда пайдалану мүмкін. Ондағы қызықты тұсы клубтар ойын кезінде тек 3 футболшыны ауыстыру көрсетілген болып, қалған екі ойыншы тек үзіліс кезде өзгеруі керектігі айтылған. Мұндай шешімге келуге себеп матчтағы уақытты жоғалпау үшін жасалған.