ФИФА ӘЧ-да ұлттық құрамалар сапына 26 ойыншыны қосуға рұқсат берді
ФИФА Әлем чемпионатында ұлттық құрамалар сапына 26 ойыншыны қосуға рұқсат берді.
Ресми мәліметке сай, биыл Қатарда өтетін Әлем чемпионатына ұлттық құрамалар өз сапына 26 футболшыны қоса алады. Дегенмен, кеңейтілген тізім 55 ойыншыны қамтуы мүмкін. Бұл алдыңғы саннан 20-ға артық.
ФИФА мұндай шешім қабылдауына коронавирустық пандемия және Әлем чемпионатының дәстүрлі емес уақытта өтуі себеп болды.
Еске салар болсақ Қатар елі қабылдайтын Әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.