Халықаралық футбол федерациясы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бразилия мен Аргентина құрамаларынан толық аяқталмай қалған матчын қайта өткізетінін мәлімдеді.
ФИФА апелляциялық комитеті Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) мен Аргентина футбол қауымдастығы (AFA) берген өтініштерді қарап, Халықаралық футбол федерациясының тәртіптік комитетінің шешімі бойынша ойынды қайта өткізу туралы қаулы шығарды.
Бұдан бөлек, осы жағдайды туғызғандығына орай екі ұйымға салынған 50 мың швейцария франк (47 600 еуро) көлеміндегі айыппұл өзгеріссіз қалады.
Аргентина мен Бразилия құрамалары 2021 жылдың 5 қыркүйегінде толық аяқталмай қалған матчты әлі де қайталайды.
Еске салайық, 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бразилия мен Аргентина құрамалары арасындағы матч 2021 жылдың 5 қыркүйегінде өткен болатын. Бұл кездесу ойын басталғаннан кейін 4-минут өтіп тоқтатылған еді. Себебі Бразилия билігінің мәліметінше, Аргентина құрамасының 4 ойыншысы (Буэндиа, Мартинес, Ло Чельсо және Ромеро) заңбұзушылықпен елге кірген.