ФИФА Бүкіл Үндістан футбол федерациясының мүшелігін тоқтатты
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Бүкіл Үндістан футбол федерациясының (AIFF) мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдады.
ФИФА сайтында жарияланған ақпаратта, мүшеліктің тоқтатылуына үшінші тұлғалардың федерация қызметіне араласуы себеп болды, бұл ФИФА жарғысын өрескел бұзу болып табылады, делінген.
Ресми хабарға сай, Бүкіл Үндістан футбол федерациясы ұйымның атқарушы комитетінің функцияларын өзіне алатын әкімшілік комитет құру туралы бұйрықтың күші жойылған кезде және федерация басшылығы оның қызметін толық бақылауға алған кезде ФИФА-ға қайта оралуы мүмкін.
Мүшеліктен шығуына байланысты Үндістан 11-30 қазан аралығында өтетін 17 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы Әлем чемпионатын өткізе алмайтын болды.