English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА алдағы саммитте Әлем чемпионатын әр екі жылда өткізу мәселесін шешпек
11:37 / 2021-12-20

Бүгін, 20 желтоқсанда ФИФА футболдан Әлем чемпионатын әр екі жылда өткізу мәселесін шешеді.

Sky Sports-тың хабарлауынша, ФИФА президенті Джанни Инфантиноның төрағалығында 211 елдің футбол федерациялары өкілдерінің қатысуымен онлайн саммит өтеді.

Дереккөздің хабарлауынша, УЕФА мен КОНМЕБОЛ өзгерістер әлем чемпионатына деген қызығушылықты төмендетеді деп есептеп, бұл идеяға қарсы.

ФИФА президентінің айтуынша, бұл ұйымға қосымша табыс көзін табу. Әлем чемпионаттары өткен жылдары ФИФА-ның кірісі айтарлықтай өскен. Мысалы, 2018 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша федерация 4,6 млрд доллар табыс тапқан, ал 2019 жылы түскен табыс 766 млн долларды құраған.

Қазір футболшылар жылына шамамен 50 күнді ұлттық құрамаларда өткізеді. Деседе уақыттың 80 пайызын ойыншылар клубтарда өткізеді. Инфантино жаңа реформалар болған жағдайда бұл бөлінулер сақталуын айтқан.