ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипін жариялады
ФИФА 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының логотипін таныстырды.
Лос-Анджелесте өткен тұсаукесер рәсіміне ФИФА президенті Джанни Инфантино мен Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо қатысты.
Презентацияда турнир эмблемасы әлем чемпионатын және турнир өтетін жылды білдіретіні айтылған. Сондай-ақ байқау өтетін 16 қаланың жеке логотиптері жарияланады.
Еске сала кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.