ФИФА 2024 жылы футзалдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімін Самарқандта өткізеді
Футзалдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі Самарқанд қаласындағы Регистан алаңында өтеді.
Өзбекстан футбол қауымдастығының (UFA) мәліметінше, жеребе тарту рәсімі 26 мамыр күніне белгіленген.
«Бүгін Самарқандқа ФИФА президентінің футзал жөніндегі көмекшісі, ФИФА жарыстар бөлімінің басшысы Хайме Ярза бастаған делегация келді. Делегацияға ӨР Спорт министрі Адхам Икрамов пен UFA бірінші вице-президенті Равшан Эрматов жолсерік болды. Делегация мүшелерін Самарқанд облысының әкімі Э.Турдимов қарсы алды», - делінген UFA хабарламасында.

Шараға қатысушылар Регистан алаңында жеребе тарту рәсімін ұйымдастыру жоспарларымен танысты.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионаты 4 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.