Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА 2022 жылғы ӘЧ-да VAR жүйесін жасанды интеллектпен толықтыруы мүмкін
12:42 / 2020-11-20

Халықаралық футбол федерациясы ФИФА бейнетаспаны қайталау жүйесін жетілдіру арқылы ойыннан тыс жағдайларды анықтау үшін жасанды интеллекттен пайдаланбақ. Бұл жүйе жартылай автоматтандырылады.

Футболшының офсайдта екенін немесе жоқтығын анықтайтын нүктелік сызықтарды қолданатын қазіргі жүйе Еуропа чемпионаттарының жоғарғы дивизионындағы бірқатар даулы шешімдерден кейін қатты сынға түсті. Жүйені жетілдіру үшін ФИФА технологиялық компаниялармен ойыншылардың әрекетін бақылауға арналған «Video Assistant» (VAR) жүйесіндегі дәлдәкті жақсарту жолдарын әзірлеу жөнін талқылаған.

Осы талқы аясында ФИФА офсайдтық сәттерді басқаруды жақсарту үшін жартылай автоматты технологияны жасауға қызығушылық білдірген. Бұл жүйе жасанды интеллект көмегімен ойыннан тыс жағдайларды анықтайтын жартылай автоматты жүйемен қамтамасыз етіліп, ол алаңдағы барлық жағдайды: доптың, ойыншылардың қимыл-әрекеті,  аяқ-қолын автоматты түрде анықтайды және нәтижелік алгоритмдер ойыншылардың үш өлшемді модельдерін жасайды. Содан кейін, бұл кескіндер төрешілерге тікелей жіберілетін болады.

ФИФА атаулы VAR жүйесіндегі жаңа технологияны 2022 жылы Қатарда өтетін Әлем Чемпионатында толықтай пайдалануды жоспарлауда.