Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
FIFA 2022 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесін жариялады
11:24 / 2020-07-16

Жарыстың ашылу салтанатындағы алғашқы кездесуі 21 қазанда 60 мың жанкүйерге арналған «әл-Бәйт» алаңында басталады


FIFA Қатар еліндегі жасыл алаңдарда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионатының ойындар кестесін жариялады.

Жарыстың ашылу салтанатындағы алғашқы кездесуі 21 қазанда 60 мың жанкүйерге арналған «әл-Бәйт» алаңында басталады.

Топтық кезеңде күн сайын төрт кездесуден өтетін болып, матчтар 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Ертеңінен бастап 1/8 финалдық кездесулер 6 желтоқсанға дейін өтеді. Ал 9-10 күндері ширек финал ойындары өтсе, желтоқсанның 13-14 жұлдызында жартылай финалдық кездесулер жоспарланған.

Сайыстың ақтық мәресі финал ойыны 18 желтоқсанда 80 мыңнан астам жанкүйерге арналған «Лусаил» стадионында өтеді. Үшінші орынға талас Дохадағы «Халифа» алаңында 17 күні өтпек. 

Ec90RgFWAAEaQsj.png