Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА 2021 жылдың The Best марапатына үміткерлердің соңғы үштігін жариялады
12:14 / 2022-01-08

Халықаралық футбол қауымдастығы жылдың үздік ойыншысына берілетін The Best марапатына үміткер соңғы үш футболшы есімін жариялады.

Соңғы қорытынды тізім бойынша Роберт Левандовски («Бавария»), Лионель Месси («ПСЖ») және Мұхаммед Салах («Ливерпуль») сынды футболшылар ФИФА-ның бас жүлдесіне таласуда.

Карим Бензема («Реал»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»), Эрлинг Холланд («Боруссия Дортмунд»), Джорджино, Нголо Канте («Челси»), Килиан Мбаппе, Неймар («ПСЖ») соңғы тізімге енбеген.

Еске сала кетейік, марапатты табыстауға арналған салтанатты шара 2022 жылдың 17 қаңтары күні Цюрихтегі штаб-пәтерде онлайн форматта өтеді.