Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
FIE Ресей мен Беларусь спортшыларына жарыстарға қатысуға рұқсат берді
15:22 / 2023-03-11

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) Ресей мен Беларусь азаматтарына жарыстарға қатысуға рұқсат берді.

Inside the Games порталының хабарлауынша, мұндай шешім 10 наурызда өткен кезектен тыс құрылтайда қабылданған.

Қаулы 2023 жылдың сәуір айының екінші жартысында күшіне енеді. Атап айтқанда, шілде айында Миланда өтетін әлем чемпионатына ресейлік және белорус спортшылары қатыса алады. 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу ойындары да осында өтпек.

Айта кету керек, FIE ресейліктер мен белорустарға жарыстарға қатысуға рұқсат берген екінші ұйым болды. Бұған дейін Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) да бұл туралы шешім қабылдаған болатын.