FIA Бас Ассамблеясының жиыны алғаш рет Ташкентте өтеді
10–12 желтоқсан күндері Ташкент қаласында Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) Бас Ассамблеясының кезекті отырысы өтеді. Іс-шараға 149 елден 245-тен астам делегаттың қатысады деп күтілуде.
Өзбекстанның Женевадағы елшісі Равшан Усмонов пен FIA басқарма басшысы Жонатан Рефой кездесіп, ұйым қызметі мен Өзбекстанмен ынтымақтастық келешегі жайында пікір алмасты.
Жонатан Рефойдың айтуынша, аталған жиында жол қозғалысы қауіпсіздігі, автокөлік стандарттары, экологиялық тұрақтылық, қалалардағы көлік тығыздығын азайту, сондай-ақ электр және гибридті көліктерді кеңінен қолдану мәселелері қаралады. Сонымен бірге, осы бағыттарда мүдделі құрылымдармен ынтымақтастық орнатуға дайын екені айтылды.
Айта кетейік, FIA 1904 жылы Парижде құрылған халықаралық ұйым. Ол әлемдік автоспортты үйлестіреді, автомобиль қауіпсіздігі мен мәдениетін дамытуға бағытталған. Ұйымның бас кеңсесі Парижде, басқару офисі Лондонда, ал қаржы бөлімі Женевада орналасқан.