FIA Бас ассамблеясының отырысы Самарқандта өтеді
Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) Бас ассамблеясының отырысы келесі жылы Самарқандта өтеді.
Бұл туралы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен FIA Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды. Делегаттардың дауыс беруі мен қызу талқылаулардан кейін Самарқанд қаласы 2024 жылы Халықаралық автомобиль федерациясының Бас ассамблеясының кезектен тыс отырысын өткізу құқығына ие болды.

Бакуда өкен шарада 2023 жылы өткен жарыстар, халықаралық шаралар, сондай-ақ алдағы 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

