Феррари командасы жаңа көлігін келесі айда таныстырады
Феррари командасы 2022 жылғы маусымға арналған жаңа көлігінің презентациясын келесі айда өткізетін болды.
«Біздің 2022 жылғы Формула-1 автокөлігіміз 17 ақпанда Сильверстоундағы арнайы цифрлық іс-шара аясында ресми түрде таныстырылатынын хабарлауға қуаныштымыз», делінген Ferrari баспасөз қызметі хабарында.
Желтоқсан айында Ferrari басшысы Маттиа Бинотто итальяндық команда ақпан айының ортасында 2022 жылғы маусымға арналған көлігін көпшілікке таныстыратынын мәлімдеген болатын.
БАҚ дерегіне қарағанда Италия командасы 2022 жылғы маусымнан бастап чемпионаттағы күштер балансын өзгертуі мүмкін деген жаңа техникалық регламенттер Скудерияның титулдар үшін күреске қайта оралуына көмектеседі деп үміттенеді. Феррари командасы 2008 жылдан бері чемпион атанған жоқ.