Ферғанада жанармай бекетінде жарылыс болды
Ферғанадағы жанармай бекетінде болған жарылыс пен өрт салдарынан бір адам қайтыс болды.
Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады. Оқиға қаланың орталық бөлінгіндегі жанармай бекетінде болған.
«17 желтоқсан сағат 13:43 өткенде Ферғана қаласындағы жанармай бекетінде газ құю кезінде технологиялық процестердің бұзылуы мен техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы салдарынан ұшқын пайда болып, одан кейін өрт шыққан.
Оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, 4 адам дене жарақаттарын алды. Тағы 8 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында», делінген хабарламада.
Облысы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, әкімдік, тиісті министрліктер мен ведомстволардың жауапты басшылары жедел түрде оқиға орнына барып, өрт салдарларын жою жұмыстарын ұйымдастырған.