Ферғанада заңсыз майнинг мемлекетке 12 млрд сумнан астам шығын келтірді
Ферғана облысында бақылау іс-шаралары барысында майнинг құрылғыларын заңсыз пайдалану фактілері анықталды.
«Узэнергоинспекция» қызметінің мәліметінше, Қоқан қаласында орналасқан қазіргі уақытта жабылған құс фабрикасының ғимаратында М.Н. есімді азаматқа тиісті 31 майнинг құрылғы электр есептегішсіз тікелей электр желісіне қосылған.
Алдын ала қорытынды бойынша 2 миллион 794 мың киловатт электр энергиясы заңсыз пайдаланылған. Осы жағдайға байланысты мемлекеттке 12 миллиард 369 миллион 49 мың сум шығын келген.
Қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты тиісті құжаттар құқық қорғау органдарына жолданғаны айтылған хабарламада.