Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ферғанада құрылыс қарқыны күшейді
10:20 / 2025-08-10

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бүгінде Ферғана облысы нағыз ірі құрылыс орталықтарының біріне айналып отыр. Өңірдің қалалары мен ауылдары жыл өткен сайын жаңарып, заманауи сәулет өрнегіне бөленуде. Көшелері келбетті, инфрақұрылымы дамыған елді мекендерде сәні мен салтанаты жарасқан тұрғын үйлер, еңселі білім және медицина ордалары, заманауи спорт кешендері, мәдени-тұрмыстық нысандар мен демалыс орындары бой көтеріп келеді.

[gallery-24674]

Күн сайын көркі артып келе жатқан Ферғана шаһарында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына «Капитал ишонч» ЖШС ұжымы ерекше үлес қосуда. Олардың жігерлі еңбегі мен табанды талпынысының нәтижесінде тұрғындар үшін жайлы, қала құрылысы талаптарына толық сай, шаһардың сәулетін айшықтай түсетін жаңа баспаналар саны қарқынды көбейіп келеді.

суреттерді түсірген М.ҚОДИРОВ, ӨзА