Президенттің жұмыс сапарынан кейін...
Үш жүз гектар үлкен өндіріс алаңы. Мұндағы қарқынды құрылыс процесі кісіні таң қалдырады. Үш жүзге жуық көпқабатты үйлер, бірқатар әлеуметтік нысандар, сауда орталықтары, спорт кешендері мен саябақтарды қамтитын экоқаланы елестетіп көріңізші.
Мұндағы сөз Ферғана қаласындағы «Жаңа Өзбекстан» массивінде жүргізіліп жатқан құрылыс туралы болып отыр. Облыста осындай ірілі-ұсақты заманауи құрылыс кешендері көп. Құрылыс жылдамдығы мен сапасы құрылыс материалдарына тікелей байланысты.
«Бешариқ» ауданындағы цемент өндірісіне маманданған ірі жоба. Оның өндірістік процестерімен танысып, мамандармен әңгімелесе отырып, аңғар аймақтарында сапалы әрі салыстырмалы түрде арзан цементке сұраныс жоғары екеніне тағы да көз жеткіздік.

Президент Шавкат Мирзиёев Ферғана облысына сапары аясында шілденің 27-сі күні өңірдегі он жаңа кешеннің іске қосылу салтанатына қатысты. Бұл кәсіпорындардың ішінде «Бешариқ» қаласындағы «Фергона Ясин құрылыс тауарлары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Өзбекстан-Қытай бірлескен кәсіпорнының ұйымдастыруымен цемент өндіру жобасы да бар.
Президент сапарынан кейін бұл өндіріс нысанының тыныс-тіршілігімен жақыннан таныстық.

- Біздің өнімге сұраныс өте жоғары. Біздің кәсіпорынның бастапқы кезеңі бес жыл бұрын іске қосылды. Жұмыс процесі толығымен орнына түсті. Жұмысшылардың біліктілігін арттыруға көңіл бөлдік. Шетелден заманауи қондырғылар әкелініп, орнатылды. Президент рәміздік түймені басып, жұмысымызды толық күшімен жұмыс істеуіне старт берді. Қазір жиырма сегіз гектар жерге 200 миллион долларға шетелдік инвестиция тартылған жоба толықтай іске қосылды. Құрылған жұмыс орындарының жалпы саны 700-ге жетті. Біз кәсіпкерлер Мемлекет басшысының қолдауын қызмет барысында сезінеміз. Бұл біздің тиімдірек жұмыс істеуіміздің маңызды факторы, - дейді серіктестік басшысы Еркинжон Махмудов.
Кәсіпорынға Қытайдан көмірде жұмыс істейтін заманауи, энергия үнемдейтін қондырғылар әкелініп, орнатылды. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін шетелден білікті технологтар шақырылды.
Бұл жоба орналасқан жер учаскесі ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Бірақ өнім өндіруге қажетті шикізаттың үлкен қоры бар – әктас, топырақ және т.б.

Бүгінде бұл кәсіпорын жылына 2 миллион тонна цемент шығаруға қауқарлы. Бұл санның құрылыс саласын дамыту үшін маңызы зор екенін айта кеткен жөн.
– Сіздің елде инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер жасалған. Оны тиімді пайдалану керек. «Бешариқ» ауданындағы цемент шығаратын бұл кәсіпорын толықтай жұмыс істеп тұр. Қазір жаңа жобалар қолға алынуда. Зауыт маңындағы ауыл шаруашылығына пайдаланылмайтын 800 гектар алқапқа 500 мегаватт күн электр станциясын орнату жоспары қарастырылуда. Сондай-ақ Ташкент облысының Ахангаран ауданында қуаттылығы жылына 2 миллион тонна цемент шығаратын тағы бір кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда, – дейді қытайлық инвестор Гуан Жонг Ву.
«Фергана Ясин құрылыс тауарлары» кәсіпорнында өнімді сатуда, сатып алушылар арасында кезек күтуді әділетті өткізуде заманауи технологиялар пайдаланылды. Ол үшін тұрақты тұтынушыларға арнайы пластикалық карталар таратылып, қабылдау пункттерінде терминалдар орнатылды. Бұл терминалдар таразы және сату бөлімімен ақпарат алмасады. Өнім жөнелтілген кезде автоматты шот-фактура жасалады.
Өзбекстанда мұндай ірі кәсіпорындардың көбеюі құрылыс саласының ғана емес, ел экономикасының дамуына да үлкен пайда әкеледі.
<iframe width="650" height="420" src="https://www.youtube.com/embed/u5gJBWYa_6g" title="Фарғонада қурилиш маҳсулотлари ишлаб чиқарувчи йирик корхоналар сони яна биттага ортди" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>Икрам АВВАЛБАЕВ, ӨзА