Ферғанада құны 700 миллион долларды құрайтын күн электр станциясы салынады
Қытайлық Liaoning Lide компаниясы Ферғанада құны 700 миллион долларды құрайтын күн электр станциясын салуды жоспарлауда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімі Хайрулло Бозоров Ферғанада үлкен күн электр станциясын салуды жоспарлап отырған қытайлық Liaoning Lide компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Чжан Цзинь бастаған делегацияны қабылдап, атаулы жобаның жалпы құрылысы жөніндегі мәселені талқылаған.
Қуаты 1200 МВтты құрайтын күн электр станциясын салу жобасының келіссөздері қазіргі кезде соңғы сатыға жетіп, әкімдік жобаға берген жер аумағында ақтық техникалық зерттеулер жүргізілуде.
Қытайлық компания бұл жобаны банктік несиемен емес, тікелей инвестицияларды тарту арқылы салуды көздеген және 25 жыл мерзімде электр қуатын сатып алу үшін «Өзбекстан ұлттық электр желілеріне» ең қолайлы тарифтер ұсынуға дайын екендіктерін айтты.