Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Ферғана облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Бас прокуратураға қарасты департаментпен, облыстық ішкі істер департаментімен және «Узенергоинспекциямен» бірлесе отырып, бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді.
Атап айтқанда, Қоқан қаласының 1973 жылы туған тұрғыны өз туысының пәтеріндегі 10 дана «Bitmain Antminer» маркалы майнинг құрылғысын электрмен жабдықтаушы ұйыммен келісім-шартқа отырмай, өз бетінше мемлекеттік электр желісіне қосу арқылы 2021-2024 жылдар аралығында майнинг ферманы пайдалану нәтижесінде мемлекетке 638 млн 274 мың сум көлемінде шығын келтірген.
Ферғана қаласының 1989 жылы туған азамат шаңырағында қуаттылығы 14,85 киловатт болатын 11 «Antminer» маркалы майнинг құрылғысы электр желісіне жасырын қосылып, құны 320 млн 118 мың сумдық электр энергиясын пайдалаған.
Басқа жағдайда, Ферғана қаласының 1971 жылы туған азаматқа тиесілі пәтерді тексеру барысында 12,4 киловатт қуаттылығымен 6 дана «Antminer» маркалы майнинг құрылғысы электр желісіне заңсыз қосылып, электрмен жабдықтаушы мекемесіне 293 млн 284 мың сум шығын келтірілді.
Тағы бір жағдайда Ферғана қаласының 1989 жылы туған азамат өз анасының үйінде заңсыз криптовалюта өндірумен айналысып, 3 дана «Antminer» майнинг құрылғысын пайдаланған және ел бюджетіне 77 млн 585 мың сум көлемінде шығын келтірген.
Осы анықталған жағдайларда мемлекетке келтірілген залал 1 млрд 329 млн 261 мың сумды құрайды.
Қазіргі таңда аталған тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 169-бабына сәйкес қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.