2024 жыл 8 қаңтар күні Ферғана облысында Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің шекаралары түйіскен нүктеде үш елдің Үкімет басшылары бастаған делегациялардың кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар бұл шараның үш елдің Мемлекет басшылары – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның мемлекеттік шекара мәселелері бойынша бұған дейін қол жеткізген келісімдерінің аясында өңірлік интеграция мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.
Бұл кездесудің үш мемлекетті біріктіретін шекара түйіскен аумақта өткізілуі символикалық маңызға ие.
Өйткені мемлекет басшыларының мықты саяси ерік-жігері мен конструктивті қарым-қатынастарға негізделген саясаты арқасында аймақта достық пен тату көршілік қарым-қатынастар нығайып, жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта Орталық Азия бейбітшілік пен тұрақтылық аумағы екені өз көрінісін табуда.
Сонымен қатар, кездесу барысында алдағы үшжақты шараларды ұйымдастыруға байланысты мәселелер жан-жақты талқыланды.
Алдағы кездесудің бауырлас елдер арасындағы тату көршілік пен көпжақты әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға қызмет ететіні айтылған.
Бұл жағдай өз кезегінде, халықтар арасындағы достық қатынастарды нығайтып, бір-біріне деген түсіністік пен құрметті арттырады.