Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ферғана қаласында «Президент шыршасы» балаларға қуаныш сыйлауда
09:41 / 2023-12-29

Ферғана қаласындағы Ислам Каримов атындағы театр-концерт сарайының даңғылында орнатылған жаңа жылдық шырша бүгінде балаларға қуаныш сыйлауда. «Президент шыршасы» шарасына қатысқан балаларды Аяз ата мен Ақшақар салтанатты түрде қарсы алды.

Театр-концерт сарайында өткен «Президент шыршасы» шарасы балаларға қуашты көңіл-күй сыйлап, есте қаларлық оқиғаларға толы болды. Оған отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-анасынан айырылған ұл-қыздар, Отан тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қаза тапқан әскери қызметкерлердің балалары қатысты.

[gallery-15257]

Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоров бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтап, Президент сыйлықтарын табыс етті.

суреттерді түсірген М.Қадиров, ӨзА