Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ферғана облысында жүзім өсіруді дамыту бойынша көрмелі семинар өтуде
16:58 / 2023-07-30

Ферғана облысында жүзім шаруашылығына «Алтиариқ» тәжірибесін енгізу бойынша көрмелі семинар басталды. Оған Қарақалпақстан Республикасының сала басшылары, барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері, шаруа қожалықтарының басшылары, қоғамдастықтың төрағалары, кәсіпкерлер қатысуда.

27-28 шілдеде Президент Шавкат Мирзиёев Ферғана облысына сапары барысында «Алтиариқ» ауданындағы «Хайрулло Бахром Бойматов» шаруа қожалығы құрған жүзім плантациясында болды. Мемлекет басшысы республикада жүзім өсіруге қолайлы климаты бар өңірлер көп екеніне тоқталып, «Алтиариқ» тәжірибесін енгізу, жүзім алқыбын көбейту жөнінде тапсырмалар берді. Семинар осы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Өзбекстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауда Ферғана облысының әлеуеті зор. Өңірде өсірілетін шие, жүзім, өрік, шабдалы, анар, құрма, бақша дақылдары сияқты өнімдердің әлемдік нарықта сұранысы артып келе жатқаны қуантады. 

«Алтиариқ» ауданының жүзім өсіруде тәжірибесі мол. Мұндағы шаруашылықтардың көпшілігі дәмі ерекше жүзім сорттарын өсіреді. Мұндағы диқандарының жүзім шаруашылығындағы тәжірибесін республика көлемінде кеңінен насихаттау, ғылым жетістіктері мен инновациялық идеяларын салаға кеңінен енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауданда жаңа сорттар жасау, келешегі бар, өнеркәсіптік жүзім сорттарын жергілікті жағдайға бейімдеу, осы жұмыспен айналысатын отбасылар мен іскер кәсіпкерлерді қолдау қажет екені рас.

Осыған сәйкес Ферғана облыстық үкіметінің бастамасымен «Алтиариқ» ауданында 1000 гектар жерге жаңа жүзім бағы салынып, нарықтық жүзім сорттары егілді. Аудан бойынша 4 мың 500 гектар алқапқа жүзім өсіру «воиш» әдісімен ұйымдастырылған.

Семинарға қатысушылар аудандағы «Хайрулло Бахром Бойматов» шаруа қожалығының жүзім шаруашылығымен танысып, мұнда жүзім шаруашылығын дамытудың келешегі, «Алтиариқ» тәжірибесін жүзеге асыру жайы сөз болды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ш.Ғаниев, Ауыл шаруашылығы министрі А.Воитов республикада жүзім шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ғылым, тәжірибе және инновация маңызды екені баса айтылды.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 28 шілдеде қабылданған «Жүзім шаруашылығын дамытуда кластерлік жүйені енгізу, салаға алдыңғы қатарлы технологияларды тарту бойынша мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары туралы» шешімі сала дамуында маңызды орын алуда. Өткен кезеңде жүзім шаруашылығына маманданған 48 ауданда 106 мың гектар жерге жүзім отырғызылды. Еуропадан 34 жаңа дәнексіз жүзім сорттары әкелінді. Үш жылда саланы мемлекеттік қолдауға 183 миллиард сум субсидия бөлінді.

Көрмелік семинарда жүзім шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша көптеген міндеттер айқындалып, шешім жобасы дайындалғаны хабарланды. Қатысушылар аудан маххалаларындағы озық тәжірибелермен танысуда.

М.Сулаймонов, ӨзА