Ферғана облысының Марғилан қаласында Швейцарияның Медицина және ақпараттық технологиялар университеті (Swiss Medical and Information Technologies University) ашылады.
Бұл туралы Министрлер Кабинетінің «Марғилан қаласында Швейцария медицина және ақпараттық технологиялар университетін құру туралы» қаулысының жобасы жарияланды.
Оған сәйкес, Ферғана облысының әкімдігі университеттің ғимараттары мен нысандарын салуды, қайта құруды, күрделі жөндеуді, жабдықтауды сондай-ақ интернет арқылы оқыту жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Университеттің негізгі міндеттері мен қызметі:
- университетте Өзбекстанның жоғары білім беру бағдарламаларымен бірге әлемнің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының жоғары білім бағдарламаларын енгізу;
- республика экономикасы нақты секторларының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау;
- жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық негізінде алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру;
- оқу бағдарламаларына заманауи ғылымдарды енгізу, инновациялық және ғылыми негізделген технологияларды енгізу;
- жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының білікті профессорларын, ғалымдарын және мамандарын оқу үдерісіне кеңінен тарту;
- оқу үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізу;
- профессорлар мен оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, оның ішінде олардың беделді шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру қарастырылған.
Университетте білім беру қызметі 2022/2023 оқу жылында басталады және Өзбекстандағы қолданыстағы білім беру үдерісі бойынша, өзбек және ағылшын тілдеріндегі грант және ақылы келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Онда, бакалавриат, магистратура және докторантураға қабылдау параметрлерін республиканың еңбек нарығының қажеттіліктерін және университеттің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, университет тарапынан Жоғары білім министрлігімен келісе тұрып белгілейтін болады.