Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ферғана алқабы аймақтарында 160 мегаватт күн батареялары мен 100 шағын су электр станциялары салынады
16:57 / 2023-02-01

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен Жаңа Әндіжан массивіндегі «Ипотекалық орталықта» баламалы энергетиканы дамыту және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне арналған бейне байланысты кеңес өтуде.

Кейінгі бес жылда 14 электр станциясы іске қосылып, жылдық электр энергиясын өндіру қосымша 16 миллиард киловатт сағатқа артты.

Соған қарамастан биылғы жылы қыстың қақаған күндерінде республикада 3,1 миллиард киловатт сағат (алқап аймақтарда 1,1 миллиард киловатт сағат) электр энергиясы тапшылығы байқалды.

Әндіжан – 384 млн, Наманган – 288 млн, Ферғана – 441 млн киловатт сағат.

Кей күндері тұрғындардың электр энергиясына деген сұранысы кенеттен 30 пайызға артып, көптеген апаттар орын алды.

– Жауапты басшылар өз аумағындағы тапшылықты жабу, «жасыл энергияны» енгізу, үнемдеу туралы неге ойланбады. Халықты және экономика салаларын энергетикалық ресурстармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін әрбір өңірде мыналарды жүзеге асыру мәндетті және қажет. Бұл еліміз жағдайында ең дұрыс шешім жаңартылатын энергия көздерін арттыру болып табылады, – деді Мемлекет басшысы.

Бұл жұмыстарды қалай ұйымдастыру керектігі Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында тәжірибе ретінде қарастырылуда.

Біріншіден, күн және жел электр станцияларының ірі жобаларын жеделдету керектігі айтылды.

Биыл «Поп» және «Ферғана» аудандарында 600 мегаваттық 2 күн станциясы салынады. Сондай-ақ, Жаңа Әндіжандағы 192 көпқабатты тұрғын үй мен 6 әлеуметтік нысанды кепілдендірілген жылумен қамтамасыз ету үшін 20 МВт көмірмен жұмыс істейтін когенерация жобасы жүзеге асырылады.

Бұл станция жылумен бірге жылына 80 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Оның 1-кезеңі 2023 жылдың желтоқсан айында іске қосылады.

Екіншіден, алқап аймақтарында 160 мегаватт күн батареялары мен 100 шағын су электр станциялары салынады.