Сайлауда 31,6 миллион дауыс жинаған кіші Фердинанд Маркос Филиппиннің 17-ші президенті ретінде ант берді.
Маниладағы Ұлттық бейнелеу өнері мұражайында жүздеген мәртебелі қонақтардың, соның ішінде шетелден келгендердің қатысуымен өткен Инаугурацияға, кіші Фердинанд Маркостың оның отбасымен қатар, сайлауда 32,2 миллион дауыс жинаған Сара Дутерте де қатысты. Ол 9 маусымда республиканың 15-ші вице-президенті ретінде ант беріп бейсенбіде қызметіне кірісті.
Шарада сөз сөйлеген кіші Маркос елге берген уәделерін орындауға сөз берген және оның басты мақсаты республиканы пандемиядан кейін тез арада қалпына келтіру мен филиппиндіктердің өмірін жақсарту екенін айтқан.
Ол сондай-ақ оның әкімшілігі дағдарыспен күресудің жаңа әдістеріне назар аударатынын және әрбір филиппиндік қиын уақытта оларға көмектесу үшін көбірек мүмкіндіктер беретінін мәлімдеген.
Үлкен Фердинанд Маркос 1965-1986 жылдар аралығында Филиппиннің 10-шы президенті болды. Халық көтерілісі нәтижесінде ол отбасымен бірге АҚШ-қа қашып, саяси баспана алды. 1989 жылы бұрынғы диктатор Гавайиде қайтыс болды. 2016 жылы отбасы Филиппинге оралғаннан кейін кіші Маркос вице-президенттік сайлауда қатысып жеңіске жеталмады. Бірақ осы сайлауда диктатордың ұлы өзінің басты қарсыласы Лени Робредодан екі есе көп дауыс жинап, сенімді жеңіске жетті.