Феликс Оже 2009 жылдан бері US Open жартылай финалына шыққан ең жас теннисші болды
21 жастағы канадалық Феликс Оже-Алясим (ATP рейтингісінде 15) 2009 жылдан бері US Open турнирінің жартылай финалына шыққан ең жас теннисші болды.
Бұдан 12 жыл бұрын, 20 жастағы аргентиналық Хуан Мартин Дель Потро АҚШ ашық чемпионатының ең мықты жартылай финалистерінің бірі ретінде жарыс жеңімпазы атанған болатын.
Ал, қазіргі уақытта Феликс Оже АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шыққан бірінші канадалық теннисші болып тұр.
Феликс Оже сонымен қатар 2000 жылдан кейін туған теннисшілер арасында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты.
Атаулы турнирдің финалына шығу жолында ол әлемнің екінші ракеткасы Даниил Медведевпен күш сынаспақ. Кездесу 10 қыркүйекте өтеді.