Федерер 1998 жылдан бері алғаш рет Австралия ашық чемпионатына қатыспайды
«Үлкен дулыға» турнирінің 20 дүркін чемпионы Роджер Федерер 2021 жылдың ақпанына ауыстырылған «Australian Open» турниріне қатыспайтын болды.
Швейцариялық теннисшінің агенті Тони Годсиктің мәлімдеуінше, Роджер Австралияның 2021 ашық чемпионатында ойнамауға шешім қабылдады. Оң тізесіне жасалған екі операциядан кейін соңғы екі айда ол тізені қалпына келтіру және фитнес саласында айтарлықтай жаттығулар жасаған. Алайда, командасымен ақылдасқаннан кейін Австралия ашық чемпионатына қатыспай, одан кейінгі жарыстарға қайта оралуды жөн деп санаған.