Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрінің бірінші орынбасары О.Қудратов Италияда БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) бас директорының орынбасары, Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақ өкілі Виорел Гуцумен кездесу өтті.
Өзбекстан елшілігінің хабарлауынша, кездесуде Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан «Жасыл кеңістік» ұлттық жобасы аясындағы ауқымды іс-шаралар Арал өңірінде «жасыл» алқаптардың ұлғаюына және өңірдің тұрақты дамуына оң әсерін беріп жатқаны айтылды.
«Сұхбат барысында Өзбекстан мен ФАО арасында осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жеделдету мақсатында «Биологиялық әртүрлілікті жақсарту және орман шаруашылығын тұрақты басқару» аймақтық жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды», делінген хабарламада.
Ведосмтво дерегінше, осы жоба аясында орман шаруашылығының әлеуетін күшейту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық сарапшыларды тарту, геоақпараттық жүйелерді дамыту, орман ландшафттарын қалпына келтіру бойынша инновациялық идеялар мен ұсыныстарды әзірлеу сияқты іс-шаралары жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, бұл жобаны Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінде де жүзеге асыру көзделген.