Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Facebook Өзбекстанға 6 миллиард сум салық төледі
16:40 / 2021-05-03

Әлемнің ең танымал интернет компаниялары соның ішінде Facebook Өзбекстан бюджетіне 5,9 млрд сум көлемінде салық төледі.

Мемлекеттік салық комитеті электронды қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың 2021 жыл алғашқы ширекте мемлекеттік бюджетке төлеген салық туралы мәліметтерді жариялады.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген электронды қызмет көрсететін 26 шетелдік компания осы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджетке 4,3 млрд сум салық төлеген. 

Өткен жылғы статистика бойынша әлемддік бірқатар танымал компаниялар Facebook 5,9 млрд, Google 3,4 млрд, Apple 1,9 млрд, Netflix 190 млн, Booking.com 181 млн және Яндекс 136 млн сум көлемінде Өзбекстан бюджетіне салық төлеген.

Өзбекстан Республикасы аумағында жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу тәртібі 2020 жылдан бастап енгізілген еді.