28 маусымдағы сауда-биржасында Facebook акциялары 4,2 пайызға өсіп, 355,6 долларға жетті. Нәтижесінде компанияның нарықтық құны алғаш рет 1 триллион доллардан асты.
Компания акцияларының бағасы Колумбия округы федералды монополияға қарсы сотының шешімінен кейін артты. Сот Facebook -тің тергеуді тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды. Соттың шешіміне сай, қарсы тарап компанияның заңды бұзғанын дәлелдей алмады.
Facebook-ке қатысты сотқа арыз АҚШ-тың федералды сауда комиссиясы мен 48 штат және округ әкімшілігі 2020 жылдың желтоқсанында берілген болатын. Олар сотқа Instagram мен WhatsApp-ты сатып алуды компанияның нарықтағы монополиялық жағдайы мысалы ретінде келтірген. Арызданушы тарап Facebook өзінің монополиялық жағдайын кішігірім бәсекелестерді жою үшін пайдаланды деп санайды.
Қазірге дейін нарықтық капиталы 1 триллион доллардан асқан компаниялар қатарында Amazon, Alphabet (Google), Microsoft және Apple компаниялары бар.