English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Facebook ДДСҰ-ға коронавирустан әлеуметті хабардар ету үшін ақысыз жарнамаға рұқсат берді
19:45 / 2020-03-04

Марк Цукерберг: Біздер ДДСҰ мен UNICEF-ке шектелмеген мөлшерде жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген індет жайында жарнама жасау мүмкіндігін бердік


Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг әлеуметтік желі қолданушыларын коронавирус эпидемиясы жайлы мәліметпен қамту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына желіде тегін жарнама жасау мүмкіндігін берді.

Өз парақшасында осы айында жазып қалдырған Цукерберг «Біздер ДДСҰ мен UNICEF-ке шектелмеген мөлшерде жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген індет жайында жарнама жасау мүмкіндігін береміз. Сонымен бірге басқа ұйымдарды да қолдаймыз және оларға да миллиондаған жарнама алаңдарын жасауға дайынбыз», деген.

Қазіргі уақытқа келіп «COVID-19» коронавирусының тарау аймақтарын зерттеуші Джонс Хопкинс университеті ғылыми орталығының мәліметтеріне сүйенсек әлемде 94 250 жан осы індетті жұқтырған. 3214 қаза болып, 51026 кісі емделіп кеселден айыққан. Қытайдан сырт елдер аумағында Корея (5621), Иран (2922), Италия (2502) мемлекеттері осы вирустың қайнар ошағына айналған.