Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Эйнштейннің скрипкасы 1,5 млн долларға сатылды
16:39 / 2025-10-09

Ұлыбританияда өткен аукционда әлемге әйгілі ғалым Альберт Эйнштейннің скрипкасы жаңа иесін тапты. Ғылым мен өнердің тоғысқан қастерлі мұрасы 1,1 миллион фунт стерлингке, яғни шамамен 1,5 миллион долларға сатылды.

Бастапқы бағасы 405 мың доллар деп белгіленген көне аспапқа сұраныс жоғары болды. Бұл – Эйнштейннің Германияда 1890 жылдары сатып алған алғашқы скрипкасы еді. 

Алайда тарихтың қатал сынағы ғалымды туған жерінен жыраққа кетуге мәжбүр етті. Нацистер билікке келген шақта эмиграцияға аттанған Эйнштейн, өзіне жақын музыкалық серігін – осы скрипканы – әріптесі, белгілі физик Макс фон Лауға аманат етіп қалдырған.

Бүгінде аукционда сатылған бұл аспап тек бір музыкалық құрал емес, ол – данышпан ғалымның рухани әлемінен сыр шертер асыл жәдігер.