Эйфель мұнарасы жаңа түске боялмақ
Франция астанасы Париж қаласының символына айналған Эйфель мұнарасын 50 жыл дегенде жаңа түске боялмақ.
Time Out басылымының хабарынша, Эйфель мұнарасын 2024 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындары алдынан қайта бояу жоспарланған. Мұнара соңғы рет 1968 жылы боялған.
Сәулетші Густав Эйфельдің өсиетіне орай мұнара срғыш-қоңыр түске боялады. Оған шамамен 60 тонна бояу қажет (ол 50 млн еуроға бағаланған).