Эйфель мұнарасы маңында теракт болды
Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасының жанында - Гренель жағалауы аймағында ер адам жолаушыларға пышақ және балғамен шабуыл жасады.
Еuronews дерегінше, оқиға салдарынан неміс туристі қаза тауып, тағы екі адамды жаралаған.
Қылмыскер Францияда ирандық отбасында дүниеге келген 26 жастағы жігіт болып, ол бұрында лаңкестік әрекетті жоспарлағаны үшін төрт жыл түрмеде отырған. Айыпталушы полиция қызметкеріне «Палестинада мұсылмандардың қырылып жатқанын қабылдай алмайтынын» айтып, Францияны Израильге көмектесті деп айыптаған.
Франция президенті Эммануэль Макрон бұл шабуылды террорлық әрекет деп атады.